Жаңалықтар

Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

Облыс полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан фармацевтикалық компанияның қызметкерін ұстады.

29 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген полицейлер «Whatsapp» әлеуметтік желісі арқылы жалған ақпарат таратқан әйел адамды анықтады.

Ол фармацевтикалық компанияның 37 жастағы жұмысшысы болып шықты.

Жауап алу кезінде ол қасақана жалған ақпарат таратқанын мойындады. Қазір полиция департаменті ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуін бастады.

Сондай-ақ облыстық полиция департаменті жалған мәлімет таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес, БАҚ және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқандарға  3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады және сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады. Сонымен қатар 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту,  3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы бар.

К.ҚОПАЕВА.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button