Жаңалықтар

Өз бостандығыңды бағала!

Акция

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ҚР ІІМ облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдерімен бірлесіп, «Өз бостандығыңды бағала!» атты акция өткізді.

Шара барысында ұйымдастырушылар медицина мекемелерінің бас дәрігерлерін Ақтөбе қаласындағы К-168/1 түзету мекемесіне апарды.

— Басты мақсат — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жемқорлық іс-әрекеттің салдарынан тартылатын жазалар туралы еске салу және  бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың қаншалықты қиын екенін сезіндіру. Әр мекеме басшысы бостандықтың бағасын біліп, жемқорлыққа жол бермеуі тиіс , —  деді «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев.

Тергеу изоляторының қызметкерлері шара қатысушыларына қамаудағыларға арналған жатақхананы, тергеу кабинеттерін, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған камераларды көрсетіп, бас бостандығынан айырылған адамдар қандай қылмыстық әрекеттер жасағанын және олардың темір тордағы жағдайы туралы айтты. Шараға қаладағы медицина мекемелерінен 30-дан аса дәрігер қатысты.

Айта кетейік, аталған шара Ақтөбеде 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұған дейін 40-қа жуық мемлекеттік қызметші қылмыстық-атқару жүйесінің тіршілігімен танысты.

Зульфия НАБИУЛИНА,

«Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық

кеңсесінің баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button