Абай — 175

Абай  ескерткішіне байқау жарияланды

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Ақтөбе қаласында Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату үшін ең үздік эскиздік жобаға шығармашылық байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты — белгілі тұлғаның бейнесін ашатын, аса мәнерлі мүсіндік көркемдік туындыны дүниеге әкелу.

Ұсынылған жобалар жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс. Байқауға Қазақстан қалаларының көркемдік-өндірістік шеберханалары, шығармашылық одақтар, заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.

Байқаудың жобалық ұсыныстарының тізілімі мен басқа талаптарын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан алуға болады. Байқауға қатысуға өтініш хабарлама жарияланғаннан бастап 30 күнтізбелік күн аралығында конвертке салынып, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының келесі мекенжайы бойынша қабылданады:  030008, Ақтөбе қаласы 11-шағын аудан, 112 Е құрылыс.  Байланыс телефоны: 8 (7132) 24-27-40.

Басқа жаңалықтар

Back to top button