Экономика

Қолдау көзі – қаржы

Мемлекеттік бағдарлама

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалы жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктермен бірігіп, бір ай көлемінде түрлі шаралар өткізді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысатын екінші деңгейлі банктермен кездесуге облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері де келді.

— «Даму» қоры арқылы жүзге асырылатын «Бизнестің жол картасы», нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, басқа да мемлекеттің қолдауы аясында жүзеге асырылатын бағдарламалар еліміздегі екінші  деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылады. Бүгінде мемлекеттік бағдарламаларға өңірдегі бірнеше екінші деңгейлі банк қатысып отыр. Аталған шаралар аясында Ашық есік күні, дөңгелек үстелдер, таңғы ас кезінде іскерлік кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді. Оған өңірдегі 300-ге тарта кәсіпкер қатысты, олар өздерінің идеялары мен жобалары туралы ойларын ортаға салды. Біздің серіктес банктермен ортақ міндетіміз —  кәсіпкерлердің жобаларын жүзеге асыруға көмектесу, — дейді «Даму» қоры филиалының директоры Берік Нұрғалиев.

Шара барысында «Даму» қоры мен банктер өкілдері мемлекеттік бағдарламалармен қатар құжат әзірлеу, несие рәсімдеу мәселелері төңірегінде кеңес берді.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button