Пікір

Әлеуметтік жағдайы басты назарда

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысына қатысып, еліміздегі экономикалық және саяси мәселелер бойынша тиімді шаралар әзірлеу керек екендігін айтты.

Президент көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне айрықша тоқталып өтті. Үкіметтің алдына ашық әрі әділ атаулы көмекпен қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі дерек бойынша, Ақтөбе қаласында 10825 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да назардан тыс қалмайды. Президент жұмыс берушілер оларды жұмысқа қабылдау үшін арнайы квота бөлуі тиіс екендігін жеткізді. Бүгінде қаламызда жұмыспен қамту орталығы арқылы мүмкіндігі шектеулі 245 азамат жұмыспен қамтылды. Биыл қазан айында Мүгедектер күніне орай, мүмкіндігі шектеулі 11879 жанға жергілікті бюджеттен 40 мың теңге қаржы бөлінді. Қай кезде де халықты әлеуметтік қорғау және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелері елімізде басты міндеттердің бірі болып саналады. Бұл бағытта Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды қолдай отырып, жүйелі жұмыстар жүргізу жалғаса бермек.

Мақпал ТҰРМАҒАМБЕТОВА,

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

 бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button