Басты бет » Экономика » Облыстың  стратегиялық даму жоспары талқыланды

Облыстың  стратегиялық даму жоспары талқыланды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин экономист, мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновпен кездесті. Ақтөбе облысының стратегиялық даму жоспарын талқылауға арналған басқосуға  облыс әкімінің  орынбасарлары, қала әкімі, басқарма басшылары қатысты.

«Еліміздегі экономикалық даму процестеріне қарай отырып, біз облыстағы өзекті мәселелерге де талдау жүргіздік. Стратегиялық бағыттағы жоспарларымызды, қауіпсіздік кеңес жөнінде бірқатар жұмыстар бойынша толыққанды пікір

алмасамыз деген ойдамын», — деп атап өтті облыс басшысы.

Белгілі экономист Ақтөбе облысы еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан аймақ екенін айтып өтті және өңірдің өсу потенциалын жоғары бағалады.

«Ақтөбе облысы «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік дәлізінде орналасқан Ресей, Өзбекстан елдерімен шектесетін облыс ретінде аймақтың  бұдан әрі дамуы үшін облыс әкімін бірнеше ұсынысымызбен таныстырдық. Алдағы уақытта әкімдікпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын боламыз», — деді Олжас Құдайбергенов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.