Экономика

11 айдағы сәйкессіздік деңгейі — 12,1 пайыз

Облыстағы сауда орындарында жүргізген мониторинг аясында тамақ өнімдерінің зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша 2019 жылдың қаңтар-қараша айлары арасында сәйкессіздік 12,1%-ды құрап отыр.

Білгеніміздей, тамақтардың басты сәйкессіздік көрсеткіші құс өніміне тиесілі, оның көрсеткіші —  57,5%. Сондай-ақ ет өнімдері — 55,0 %, балық – 35,05%, аспаздық өнімдер — 22,1%, кондитерлік —11,2 %, басқа өнімдер — 11,2%, ұн өнімдері – 7,0%, сүт өнімдері – 5,7%, май өнімдері — 5,5%, көкөністер мен жемістер — 3,7 %, алкогольді сусындар — 3,3%, алкогольсіз сусындар — 3,0%, арнайы тағамдар — 2,5% және биологиялық белсенді заттар — 1,8% құрап отыр.

Сәйкессіздік анықталған тағам өнімдерінің 28,9 пайызы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сай келмеген, соның ішінде ішек таяқшаларының және өңез микрооганизмдері анықталуы, ашытқы микроорганизмдерінің нормадан көп болуы, 3,4 пайыз өнімдердің физико-химиялық көрсеткіші бойынша, яғни майдың аз болуы, сүт өнімдерінде май-қышқыл құрамының сәйкес келмеуі анықталған. Сәйкес келмейтін өнімдердің басты бөлігін немесе 66,6%-ы таңбалау бойынша болып отыр. Яғни өнімнің шығарылған уақыты мен оның қолданылу мерзімі, өнім туралы ақпарат, мемлекеттік тілдегі ақпарат немесе айналымдағы бірыңғай белгісі жоқ болған.

Ақтөбе облысы бойынша атқарылған шаралар негізінде 86 килограмнан аса тағам өнімі сатылымнан алынып, кәсіпкерлерге 89 ұйғарымдар беріліп, оның 35 ұйғарымы орындалуы бойынша тексерілді. Барлығы 2 259 875 теңгеге 12 айыппұл салынды.

Сот органдарына 6 құжат жіберіліп, олардың бәріне шешім шығарылып, жалпы мөлшері

594 638 теңгеге айыппұл салынды. Өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың (декларация, сертификаттар) заңдылығын тексеру мақсатында техникалық реттеу және метрология органдарына 5 құжат жіберілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button