Жаңалықтар

Ақтөбеде жаңа сервистік «ANTIKOR ORTALYGY» ашылады

2019 жылғы 25 желтоқсанда сағат 11:00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «ANTIKOR ORTALYGY» жаңа сервистік ғимаратын ашады.

Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті облысымызда «Open space» форматына көшкен алғашқы құқық қорғау органы. Ең маңыздысы, Превенция және парасаттылық басқармаларының жеке құрамы толығымен ашық және айқын форматта жұмыс жасауда.

Жұмыстың жаңа форматының таныстырылымына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысады.

Шара барысында сервистік орталық ғимараты, заң кеңестерін беретін арнайы кабинеттер, «Ақтөбе – адалдық алаңы» және «Protecting business and investments» жобалық кеңселері, сонымен қатар баспасөз орталығы көрсетіледі.

«ANTIKOR ORTALYGY» азаматтарға жедел және қолайлы жағдайда кеңес алуға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының сапары аясында Ақтөбе қаласының Алматы және Хромтау аудандарының сервистік әкімдіктерімен, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіндегі парасаттылық мектебімен танысу, «Green Capital Kazakhstan» ЖШС-не бару, облыстағы зиялы қауым өкілдерімен кездесуі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға қатысуы жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button