Басты жаңалықтарСпорт

Ақтөбеде Әлем чемпионаты басталды

Қазақ күресінен Әлем чемпионатында 40-тан аса елдің спортшылары бақ сынасады. Олардың қатарында: Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресейжәнет.б. бар.Әлем чемпионатына алғаш рет Корея, Франция, Ауғанстан және Испания сияқты елдер қатысып жатыр. Осылайша, Халықаралық Qazaq Kuresi Федерациясы өзінің географиясын кеңейтуде.

Палуандар 8 салмақ дәрежесінде белдесетін болады. Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген 8 төреші және өз еліміздің 12 төрешісі төрелік ететін болады.

Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы ұйымдастырған чемпионаттар тарихында алғаш рет төрешілер құрамына Қырғызстаннан келген әйел төреші қосылды.

Жарыстың бас төрешісі ретінде – халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD докторы – Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы тағайындалды. Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан бөлек, үздік техника, әдемі әдіс және тағы басқа техникасымен ерекшеленген спортшылар марапатталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button