Жаңалықтар

«Ақтөбе Медиа» журналистері — жеңімпаз!

Республикалық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы журналистер арасында ұйымдастырған шығармашылық конкурстың үш жүлдесі бірден «Ақтөбе Медиа» ЖШС журналистеріне бұйырды.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының жүзеге асуын көрсету бойынша сайысқа түсті. Конкурсқа республика бойынша жүзден астам жұмыс қабылданды.

Облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Санат Қалиев конкурстың Бас жүлдесін жеңіп алды.

Ал «Ақтөбе» газетінің тілшісі Айбек Тасқалиев екінші, «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Ләззат Егібаева үшінші орынды иеленді.

Шығармашылық жеңістеріңіз құтты болсын, әріптестер!

Басқа жаңалықтар

Back to top button