Басты жаңалықтарСпорт

«Ақтөбе» Қазақстан кубогын жеңіп алды

Хоккейден алғаш ретөткен жастар арасындағы Қазақстан Кубогында «Ақтөбе» командасы жеңіске жетті.

Өткен маусымда «Ақтөбе» командасыхоккейденҚазақстан жастар лигасының чемпионы атанған болатын.
Ал 8 қыркүйекте Қарағандыда өткен Қазақстан Кубогы финалында ақтөбелік жас хоккейшілер Көкшетау қаласының «Арлан» командасымен кездесті. Ойынның алғашқы кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталды. Екінші және үшінші кезеңдерде есеп тиісінше: 2:1 және 3:1 болып, екеуінде де ақтөбеліктердің пайдасына шешілді. Жалпы есеп — 6:3.

Ақтөбеліктер арасынан Иван Зинченко — 2 рет, Ақарыс Мәтқабыл, Александр Своеволин, Леонид Беляев пен Руслан Самигуллин гол салды.

Сөйтіп, «Ақтөбе» командасы жастар арасындағыалғашқы ел Кубогының иегері болып отыр.

А. САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button