Жаңалықтар

Алимент неге өндірілмейді?

Облыс әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Рахат Сыдықовтың төрағалығымен ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының Басқарма төрағасы Ернар Ибраевтың қатысуымен алименттерді өндіріп алу тақырыбында жиналыс өтті.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қозғайтын маңызды әлеуметтік мәселе —  алиментөндіріп алу. Олардың тиісінше орындалуындағы проблемалық мәселелері туралы ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының Басқарма төрағасы Ернар Ибраев баяндама жасады.

  • Қазіргі таңда Ақтөбе облысының жеке сот орындаушыларында алимент өндіру туралы 10 664 атқарушылық өндірістік материалбар, оның 219-ыбірнеше жылдар бойы төлемей жүргендіктен проблемалық болып тұр. Бұлардың едәуір саны борышкерлердің өндіріп алуға болатын табысы мен мүлкінің болмауына байланысты.Айталық, өндіріп алушылардың өтініштерінде борышкерлер еңбек ететін кәсіпорындардың жалақы мөлшерін төмендету фактілері көрсетіледі, бұл борышкерлердің жалақыны «конвертте» алғаны туралы қорытынды жасауға болады. Осылайша кәмелетке толмаған балалар тиесілі қаражатын ала алмайды, ал осы кәсіпорындардың басшылары бюджетке салық төлеуден жалтарады, — дейді Ернар Ибраев.

Сондай-ақ, ол баяндамасында өзара іс-қимыл тиісті емес деңгейде болуына байланысты іздестіру жарияланған борышкерлерді анықтау, көлік құралдарын ұстау және сотпен қолданылуын тоқтатқан жүргізуші куәліктерін алып қою бойынша шаралар жүргізілмейтіндігін де айтып өтті. Баяндамашы одан әрі Алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу тиісті деңгейде өткізілмейтіндігін де нығыздап айтты.

Жиналыс соңында проблемалық алименттердің санын төмендету жөніндегі кешенді шаралар қабылдау арқылы бұл мәселелерді бірлесіп шешуге болатындығы сөз болды. Алдағы уақытта ҚР Әділет министрлігі, ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасында алименттерді өндіріп алу мәселелері бойынша үшжақты өзара бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілуі тиіс. Оған дейін осы тақырыпта ұсыныстар айтылып, сұрақтарға жауап беріліп жатты. Әсіресе, алименттен жалтарып жүргендерге қолданатын шараның әлі де әлсіздеу екені, қажет болса, оны қатайту керектігі ұсынылды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button