Жаңалықтар

Жылыту маусымына әзірлік пысықталды

Жұма күні Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіровтің төрағалығымен коммуналдық қызмет саласындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған жұмыс тобының мәжілісі өтті.

Онда кондоминиум нысандарын басқаратын ұйымдар мен коммуналдық мекемелердің жұмысы, сондай-ақ 2019-2020 жылдарға арналған жылыту маусымына Ақтөбе қаласындағы көпқабатты тұрғын үй қоры мен әлеуметтік сала нысандарының дайындығы талқыланды.

Бүгінде Ақтөбе қаласында 1801 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның 1253-і кондоминиум ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өтсе, биылғы жылдың соңына дейін тағы 97 кондоминиум нысанын тіркеу жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған саладағы бірқатар мәселелерді шешу үшін жұмыс тобы құрылып, жұмыс жасауда.

Жиында коммуналдық қызмет саласындағы өзекті мәселелер туралы коммуналдық мекемелердің өкілдері есеп беріп, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Мәжілісте «Трансэнерго» АҚ басқарма төрағасы Нұрберген Игилманов қаланың жылумен қамтамасыз ету нысандарын 2019-2020 жылдарға арналған жылыту кезеңіне дайындау жөніндегі іс-шаралар туралы баяндады.

Биыл жалпы ұзындығы 2,4 шақырым болатын жылу желілерін күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда құны 271,9 миллион теңгеге 312-атқыштар дивизиясы даңғылы бойындағы ІІ жылу магистралін қайта құру және 75,0 миллион теңгеге «Қазандық» қазандығынан №19 жылу қазандығына дейінгі аумаққа жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін жалпы саны 23 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар алынды. 15 тамыздағы жағдай бойынша қаладағы мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардан, медициналық мекемелерден, тұрғын үйлерден дайындық актілері алынып, күзгі жылыту маусымына дайындық пысықталуда, — деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде ағымдағы жөндеу жұмыстары кестесіне сәйкес қалада 181,0 шақырым жылу желілеріне жөндеу жүргізілсе, 5488 ысырма мен 29 элеваторлық торапқа тексеру жасалған. Ал 5 сорғы стансасыбақылаудан өтіп, жылыту маусымына дайындалуда.

Бұдан кейін жиында Ақтөбе қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Жәнібек Шалғымбаев баяндама жасап, көпқабатты тұрғын үйлердің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы айтып берді.

Мәжіліс соңында Жангелді Әубәкіровкөпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына уақтылы дайын болуын, қыс айларында бұл салада ешбір мәселенің туындамауын тапсырып, бөлім басшылары мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button