Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді

Тағайындау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңа төрайымы алғашқы тағайындаулар жасады. Анар Жаилғанованың бұйрығымен  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Әділбек Мұқашев тағайындалды.

Әділбек Мұқашев 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2002 жылы ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын заңгер мамандығы бойынша, кейін 2007 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қаржымамандығы бойынша тәмамдаған. Аспирантураны Ресей Федерациясындааяқтаған ол —заң ғылымдарының кандидаты.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы 1998 жылы басталады. 9 жыл ішкі істер органдарында қызмет еткен.  Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде, сондай-ақ сот жүйесінде тәжірибесі бар. 2008 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың желтоқсан айлары аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған.

2014 -2016 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып қызмет еткен.  2016 жылдан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау департаментінің басшысы лауазымын атқарған. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет еткен.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button