Жаңалықтар

Жұмысшылардың жалақысын кім береді?

Брифинг

Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жаңатас-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу бойынша қазіргі жағдай» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Ақтөбе облысының Бершүгір ауылында қиыршық тас өндірген «Жаңатас-Ақтөбе» серіктестігінің жұмысшылары өткен жылдың маусым айынан бері алмаған жалақыларын әлі даулап жүр.

Баспасөз мәслихатына модератор болған Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Ермағамбетов аталған даудың былтыр басталғанын, осыған орай бірнеше мәрте жиналғандарын, тіпті комиссия құрылғанын да айтып өтті.

«Temir Tas 2017» ЖШС құрылтайшысының сенімді өкілі Олег Пак:

  • Мен аталған компанияның мүддесін қорғай келдім. Осы жылдың 21 маусымындаоблыстық әкімдіктің қатысуымен белгілі бір процедураларға сәйкес «Жаңатас-Ақтөбе» серіктестігінің бар міндеті «Temir Tas 2017» компаниясына тапсырылды. Аталған серіктестік кредиторларға 12-13 миллиард теңге қарыз болғандықтан, банкрот болды. Сөйтіп, біздің компаниясол серіктестіктің барлық міндетін өз жауапкершілігіне алғасын облыс әкімдігімен, еңбек инспекторларыменбірлесе отырып, жалақы дауын шешетін боламыз. Еңбек инспекторларымен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде «Жаңатас-Ақтөбе» серіктестігінің 64 қызметкеріне 6,4 миллион теңге көлемінде жалақы ішінара берілді, — дейді Олег Пак.

Ал еңбек ұжымының өкілі, бұрынғы қызметкерлердің мүддесін қорғай келген заңгер Василий Сахно «Temir Tas 2017» компаниясының сенімді өкілі айтқан шешіммен келіспейтінін айтып, бірқатар сұрақтар қойды.

«Жаңатас-Ақтөбе» серіктестігінің бас инженері боп қызмет еткен Төлеу Жандуллин:

  • Серіктестікте жұмыс істеген 164 адам жалақы ала алмай жүрміз. Менің бір өзімнің өткен жылғы маусымнан қарашаға дейінгі аралықтағы еңбекақым — 2 миллион 748 мың теңге. Әлі бір тиынын да бермей отыр. Бұл дауды еңбек синпекторлары да біледі, сотқа да арыздандық, — деді.

Ал жалақысын даулап жүргендердің бірі Мұрат Мінайдаров қазіргі жауапты компания кейбір қызметкерлерге жалақыларының аз бөлігін төлеп, келісімхат дайындап, оған «жалақымды түгел алдым, ешқандай шағымым жоқ» деп қол қойғызып алып жатқанын айтып берді. Өзі де жалақысының 150 мың теңгесін алғанына мәз болып, жаңағыдай құжатқа қол қойып беріп, осы даудың құрбаны болғанын айтып отыр. Енді ол сотқа шағымданбақшы.

Облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Уразаевжоспардан тыс 7 тексеру болғанын, 2,4 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынғанын жеткізді.

Ал Олег Пактың айтуынша, алажақ қызметкерлер Ақтөбе қаласындағы Маресьев көшесі, 80-үй, 23-пәтерде орналасқан «Temir Tas 2017» компаниясына құжаттарымен барып, есептесулері керек. Сондай-ақ ол 21 қыркүйекке дейін барлық жалақының беріліп болатынын айтты.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button