Жаңалықтар

Ақтөбе өңіріне Қазақстанның православ шіркеуінің өкілдері келді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан православ шіркеуінің басшысы — Астана мен Қазақстанның митрополиті Александр Могилев, Орал және Ақтөбе епархиясының басшысы — архиепископ Антоний(Владимир Москаленко),1-округ шіркеулерінің жетекшісі Денис Козулевті қабылдады, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Астаналық қонақтардың Ақтөбе өңіріне келудегі мақсаты — екі күн бойы осындағы барлық митрополиттерді аралап, діни сенімдері бойынша өздерімен алып келген Аса қасиетті Құдай ананың белбеуі мен Қасиетті Серафим Саровскийдің күш-қуаты болып табылатын құндылықтарды ақтөбелік православ өкілдеріне көрсету.

31 шілде мен 1 тамыз аралығында Свято-Никольском соборына келушілер киелі заттарға табынып, құлшылық ету мүмкіндігіне ие.

Оңдасын Оразалин дін өкілдерімен кездесу барысында діни тұрақтылық пен бейбіт өмірдің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Православ шіркеуінің басшысы – Астана мен Қазақстанның митрополиті Александр Могилев облыс әкіміне жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, аймақ басшысына естелік сыйлықтарын табыс етті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button