Жаңалықтар

Арыстық балалар — Ақтөбеде

Ақтөбеге тағы да арыстық 100 бала демалуға келді.

  • Үкімет басшысы Асқар Маминнің Түркістан облысының Арыс қаласына жұмыс сапарының қорытындысында айтылған мәселелер бойынша біздің облыста арыстық 200 бала тынығады. Олар үшін «Шұғыла» балаларды сауықтыру лагерінде 2 ауысымда демалыс ұйымдастырылуда, — дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ләззат Рсалина.

Оның айтуынша, балалардың алғашқы легі шілденің 15-і күні келген. Қалғаны шілденің 28-інен бастап «Шұғылада» демалып жатыр. Балалар жалпы 24 күн тынығады.

Оқушыларды Арыс қаласынан Ақтөбе қаласының лагеріне дейін жеткізу және кері алып қайту үшін біздің облыстан  10 жетекші, 2 медбике жауапты.

Балалар 6 мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Жалпы демалысты ұйымдастыру, тасымал, тамақтану, яғни барлық шығын қабылдаушы тараптың есебінен болады. Облыстық білім басқармасы балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық жағдайды жасайды, — дейді Ләззат Рсалина.

«Шұғыла» лагерінде бағдарламаға сәйкес балалар шығармашылықпен айналысып, спорттық шараларға, музыкалық, интеллектуалдық сайыстарға қатысады. Сондай-ақ Ақтөбе қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында қала ішінде  мұражайлар, мәдени орындар және  саябақтарға экскурсия ұйымдастырылады.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button