Жаңалықтар

Ақтөбелік полицей жүлдегер атанды

Байқау

Ақтөбелік полицей Дастан Сұлтанғалиев Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Үздік учаскелік полиция инспекторы» республикалық байқауынан жүлдегер атанды.

Байқау барысында еліміздің 195 мыңнан астам тұрғыны әлеуметтік желі арқылы үздік инспекторларға дауыс берген болатын.Облыстық полиция департаментінің Ақтөбе қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Дастан Сұлтанғалиев 4-орынды иеленді. Сондай-ақ «Полиция капитаны» атағы мен 2 лауазымдық еңбекақы көлемінде сыйақымен марапатталды.

Дастан Сұлтанғалиев ішкі істер органы саласында 2003 жылдан бастап жемісті еңбек етіп келеді. Биылғы жылдың 5 айында 7 қылмыстық істі ашып, 352 әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесті. Өз учаскелік аумағында тұрғындардың тілек-өтініштеріне дер кезінде құлақ асып, өзінің жауапкершілігімен ортасына сыйлы бола білді.

Жуырда ғана Тұңғыш Президент атындағы Орталық саябақ маңында автокөлікті сканермен ашып, көлік жүргізушісінің қол сөмкесін ұрлап бара жатқан күдіктіні байқап, дер кезінде ұстады.

— Біздің жұмысымыз — адамдарға осындай сәттерде қол ұшын беру. Бұл  — біздің парызымыз. Көптің алғысын алу —  ең үлкен мәртебе деп санаймын. Маған өз жұмысым өте ұнайды. Қызмет барысында төзімділік пен сабырлылық, өзара түсіністік қажет. Ел сенімін ақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу — үлкен міндеттер жүктейді, — дейді полиция капитаны Дастан Сұлтанғалиев.

 

Облыстық полиция

департментінің баспасөз қызметі.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button