Жаңалықтар

Димашпен кездеседі

Елорда әкімдігі Арыстан Нұр-Сұлтан қаласына келетін балаларға кешенді саяхат бағдарламасын дайындап жатыр.

Бұл жөнінде «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимовтың айтуынша, елордаға келетін арыстық балалардың алғашқы легін әкімдік өкілдері алдағы дүйсенбі күні қарсы алмақ. «Алғашқы 200 баланы Димаш Құдайбергеннің концертіне апарамыз деп жоспарлаған едік. Теміржол байланысындағы кедергілерге байланысты олар дүйсенбіде ғана келетін болды. Дегенмен, олар сүйікті әншілерімен кездеседі. Алдын ала келісім де бар. Сондай-ақ балалар Ержан Максиммен де кездеседі. Жалпы елордаға келген әрбір арыстық бала үшін бұл сапар есте қалар естеліктерге толы болады», — дейді әкімдік өкілі.

Шаһар басшылығы Арыстан жазғы демалысқа 500 баланы шақырмақ. Олардың көпшілігі — 6,7,8-сынып оқушылары. Сондай-ақ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 1000 баланы шақырып отыр. Мұнда 9, 10, 11-сынып оқушылары университет жатақханаларына орналасып, мамандық таңдау бойынша пайдалы ақпарат алып қайтатын болады.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button