Жаңалықтар

Офицерлер алғашқы көмек көрсетті

Оқиға

Ұлттық ұланның екі офицері жол бойында талып қалған азаматты аман алып қалған. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға осы аптада Ақтөбе қаласы маңындағы «Ақжар-2» трассасы бойында болған. Ұлттық ұланға қарасты 6655-әскери бөлімінің ату алаңынан қайтып келе жатқан бөлімнің медицина қызметінің бастығы, аға лейтенант Нұргелді Бақтыбаев пен взвод командирі Нұрғали Сейдембаев жол бойынан жиналып тұрған халықты көріп, оқиға орнына келеді. Есінен танып жатқан ер адамды көрген  Нұргелді Бақтыбаев дереу медицина қобдишасын алып, алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді. Қан қысымын өлшеген соң екеуі ер адамды қалалық ауруханаға жеткізеді.

Қызылжар кентінің тұрғыны, төрт баланың әкесі, 39 жастағы Құрманбек Қалмырзаев жаны қысылған кезде қолұшын созған Ұлттық ұлан жауынгерлеріне ризашылығын білдірді.

Құрманбектің зайыбы Мәлика Дабылованың айтуынша, сол күні жолдасы алты мәрте талып қалған. Емшіге апара жатқан кезде жолда қайтадан сондай күйге түсіпті. Мәлика да  қысылтаяң кезде жәрдемін берген  офицерлерге  алғысын айтып, қазіргі кезде Құрманбектің ауруханада емделіп жатқандығын жеткізді.

А. МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button