Жаңалықтар

Лаңкестік шабуылда қаза тапқандарды еске алды

Ақтөбедегі №66/55 әскери бөлімде 2016 жылы 5 маусым күні лаңкестік шабуылда қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу шарасы өтті. Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин және құқық қорғау, қауіпсіздік органдарының басшылары қатысты.

Сол кезде қайғылы оқиға барлығын есеңгіретті. Қылмыскерлердің қолынан полиция және әскери қызметкерлермен бірге тұрғындар да қаза тапты. Бірақ олардың арам ойлары әрі қарай іске асуына құқық қорғау органдарының жедел шаралары мүмкіндік берген жоқ. Халықтың тыныштығын қорғау жолында №66/55 әскери бөлімінің сарбаздары майор Даниель Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев, қатардағы жауынгер Досбол Сапар қылмыскерлермен айқасып, қаза тапты. Олардың жанкештілікпен жасаған әрекеттері лайықты бағасын алып, тәуелсіз Қазақстанның ерлік туралы  жылнамасына жазылды.

Бұл оқиға барлығымыз үшін үлкен сабақ болды. Қоғамға енген дертпен тек мемлекеттік органдар ғана емес, ел  болып күресуіміз қажет, — деді Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімі қаза тапқан азаматтардың құрметіне гүл шоқтарын қойды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button