Жаңалықтар

Бақылау және тапсырма

Облыс  әкімі  Оңдасын Оразалин облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Ол алдымен Ақтөбедегі 700 орынға арналған,  халықаралық талаптарға сай бой көтерген  Жекпе-жек сарайында болды. Мұнда  «Жоғарғы шеберлік спорт мектебі»  орналасқан. Онда  800-ге жуық адамға  жүйелі түрде спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасалған. Спорт сарайында  қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс, таэквондо, стол теннисі сынды спорттың  он бес түрімен айналысуға болады.

Облыс басшысы сонымен қатар Ақтөбе медициналық орталығына барды. 2017 жылдан бастап облыстық клиникалық аурухана, облыстық балалар клиникалық ауруханасы және кеңес беру-диагностикалық орталығы  біріктірілген. Онда ауысымына 500 келушіге қызмет көрсетеді.

Алайда   халық жиі  бас сұғатын   медициналық орталықтың тазалығы мен жинақылығы көңіл көншітпейді.  Облыс әкімі  осы кемшіліктерге  қатысты сын-ескертпе  жасады. Ғимарат алдында арамшөптер өсіп, көпшіліктен қалған қоқыстардан тазартылмаған. Құлаған ернеулер мен  ғимаратқа  кіреберіс  қақпаның дұрыс қойылмағаны да назарға ілінді. Медициналық орталық басшылығына кемшіліктерді тез арада ретке келтіру тапсырылды.

Облыс әкімі қала тазалығы мен келбетіне қатысты  мәселелерге де көңіл бөлді. Абай  көшесіндегі  тұрғындар  демалатын орындарды   жаяу аралаған облыс әкімі көгалдандыру, ағаштарды ақтау,   абаттандыру жұмыстарының  атқарылуын бақылады. Ол қала әкімі Ілияс Испановқа  жол жиегіндегі құлаған  ернеулерді қалыпқа келтіру, тазалық мәселесін  басты назарда  ұстау  қажеттігін  нықтап тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button