Жаңалықтар

Өзекті мәселелер қозғалды

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов «Энергосистема» мекемесі еңбек ұжымымен кездесті. Жиынға облыстық прокуратура, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті облыстық департаментінің, еңбек инспекциясы, облыстық кәсіподақтар кеңесінің өкілдері қатысты.

«Энергосистема» ЖШС бас директорының орынбасары Татьяна Галимуллинаның айтуынша, ұжымдық шарттың қосымша келісімі тариф құрудың өзгеруіне байланысты рәсімделген.

Еңбек кодексімен салыстырғанда  кәсіпорында ұжымдық шарттың көп артықшылығы бар. Атап айтсақ, арнайы көліктерді жүргізушілерге сыныптылығы, біліктілігі, вахталық жұмыс әдісі, еңбек еткен жылдарына қарай  үстемеақы төленеді. Мұндай әлеуметтік қолдаулар кодексте көзделмеген. Олар заңнамамен кепілдік берілген мерзімнен тыс ақылы демалыстың 4 күнін қосымша алады. Барлық қызметкерлерге 25 пайыз, ал бөлімше басшыларына 20 пайыз дербес  үстемеақы төлеу мөлшері де белгіленді.

Сондай-ақ  жалақы жыл сайын индекстеледі, —  деді Т.Галимуллина.

Атап айтқанда, табиғи монополиялар  субъектісінің  бекітілген тариф мөлшеріне байланысты негізгі табысы бар. Барлық шығындар, оның ішінде жалақы деңгейі мен оны индекстеу монополияға қарсы департамент бекіткен шығындар шегінде жүргізіледі. Ем-дом жәрдемақысы кәсіпорынның қаражаты мен пайдасын үнемдеуден төленеді. Алайда 2016-2020 жылдарға арналған тарифті бекіту кезінде департамент бұйрығымен табыс «Энергосистема» ЖШС тарифтік сметасынан толығымен алынып тасталған.

Қазіргі уақытта кәсіпорын екі іс бойынша соттасып жатыр.

Біз ағымдағы жағдайды түсінеміз, сіздердің кәсіпорындарыңызда белгілі бір қиындықтардың бар екенін де білеміз. Алайда әлеуметтік аспект басым болуы тиіс.  Біз серіктестік басшылығынан қаражат қарастыруын өтінеміз. Кәсіпорын еңбеккерлері үшін он үшінші жалақы мен емдік жәрдемақыға байланысты мәселелердің ұжым  үшін аса маңызды екенін көріп отырмыз. Мұны мекемедегі кәсіподақ ұйымының басшылығы да  айтты. Барлық өзекті мәселелерді реттеп, оларды шешу үшін күш салу қажет, — деді Қайрат Бекенов.

Өз кезегінде кәсіпорын басшылығы қызметкерлердің проблемаларына немқұрайлы қарамайтынын және мәселелерді шешу шаралары қабылданатынын атап өтті. Кездесуге қатысушылар көкейдегі сауалдарына нақты  жауап алуға мүмкін болғаны үшін алғыстарын білдірді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button