Жаңалықтар

Аудан әкімдеріне тапсырма берді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин дүйсенбі күні облыстың барлық 12 ауданы әкімдерінің есептерін тыңдады.

Аудан басшылары өздері басқарып отырған аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен 2019 жылға арналған даму келешегі жайлы ақпарат берді.

Өз кезегінде облыс басшысы аудандардағы бірқатар проблемаларды көрсетіп, оларды жою жолдарын анықтауды тапсырды.

— Нақты ұсыныстар әзірлеңіздер. Біз оларды жуырда облыс аудандарына баратын сапарларымыз кезінде қараймыз, — деді Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімі жеке инвестицияларды тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту және еңбекақыны көтеру мен тағы басқа мәселелерге баса назар аударды.

Облыс әкімі: Елбасының бүгінгі негізгі тапсырмасы — халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын көтеру. Сондықтан бұл мәселелерге  мейлінше назар аударуларыңыз керек. Өйткені бұл — сіздердің жұмыстарыңыздың тиімділігінің көрсеткіші», — деп атап көрсетті.

Сондай-ақ, Оңдасын Оразалин жауапты мемлекеттік органдармен бірге жұмыс істеп,  ауылдарда мәдени-спорттық, ойын-сауық кешендерінің жобасын жасауды тапсырды. Осындай көпсалалы орталықтарға көпшіліктің қызығушылығын арттырып, сол арқылы адамдардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасау керек.

Яғни мәдени-спорттық,  ойын-сауық кешендерінде балалармен қатар, ересектерге де арналған  клубтар жұмыс істеп, түрлі мәдени-ойын-сауық шаралары өтеді. Сонымен бірге, мұндай кешендер интернетпен, заманауи компьютерлермен және цифрлық құрал-жабдықтармен қамтылуы тиіс.

Облыс әкімі аталған жоба қымбат болмауы керек және фунционалдығы жоғары болуы қажет деп атап көрсетті. Оның пікірінше, мұндай орталықтарды әрбір ауылдық жерде ашу керек.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button