Жаңалықтар

Жаңа нысандардың құрылыс барысын тексерді

«Сенбі күні облыс əкімі Бердібек Сапарбаев бірнеше əлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысын тексерді», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, өңір басшысы Болашақ ауданында тұрғызылып жатқан жаңа ІТ-орталықтың жүзеге асырылуымен танысты.
Нысанның құрылысы былтыр қазан айында басталған. Жалпы алаңы шамамен 6,9 мың шаршы метр. Қазіргі кезеңде жертөленің құрылысы аяқталып қалды. Жұмыс екі ауысымда жүргізіледі, шамамен 35 адам еңбек етіп жатыр. Нысанды осы жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Ақтөбеде Жеңілатлетикалық манежді тұрғызу жұмысы жалғасуда. Кешен жобалаушылардың ойластыруы бойынша толыққанды жарыстар мен күнделікті жаттығулар өткізуге мүмкіндік беретін кеңістіктік көлемді қамтиды. Нысан алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сай болмақ. Ол осы жылдың аяғына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Нысанды қарап шыққан Бердібек Сапарбаев құрылыс қарқынының баяулығына қатысты ескерту жасап, жоба құнын төмендету жағын қайта қарауды тапсырды.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button