Жаңалықтар

32 мың тұрғын цифрлық сауаттылығын арттырды

Өткен жұма күні облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

№8 Пацаев сайлау округінің депутаты Дмитрий Довматенконың төрағалық етуімен өткен жиынға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары мен облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері және басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселе —тұрғындарды цифрландыру бойынша сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру туралыоблыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы баяндама жасады.

Баяндамада айтылғандай, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен 6 және 74 жас аралығындағы тұрғындардыңцифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында төрт цифрлық әдістеме әзірленді. Олар:базалық цифрлық дағдылар, электронды мемлекеттік қызметтер, ашық үкімет порталы және электрондық сауда.

— «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру тапсырмасы бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Облыс бойынша өткен жылы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында 221 тренер  Астана қаласынан оқу-әдістемелік курстардан өтіп, цифрлық сауаттылық жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде өткен жылдың жаз айларында 32 мың тұрғын цифрлық сауаттылығын арттырды. Оның ішінде білім саласы бойынша 488 мұғалім робототехника курстарын өтсе, денсаулық сақтау саласы бойынша 9 мыңға жуық медицина қызметкері компьютерлік сауаттылықтарын арттырды. Медицина ұйымдарында 46 цифрлық сауаттылық бекеті ашылды, — деді Ермек Кенжеханұлы өз сөзінде.

Бүгінгі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес, мемлекеттік қызметтердің 202 түрі, оның ішінде 86-сы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 121-і «Электронды үкімет» порталы арқылы, 117-сі мемлекеттік орган арқылы көрсетілді.

Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 541 ішкі бақылау шаралары өткізілді. Қорытындысында, 2980 құқықбұзушылық фактісі анықталды.

Өткен жылы облыстың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттанушылық деңгейі қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша 81,3 пайызды құрады. Республика бойынша Ақтөбе облысы 5-орында.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button