Жаңалықтар

Ашық есік күндері өтеді

Құрметті ақтөбеліктер!
Мемлекеттік органдардың тұрғындармен байланысын нығайту мақсатында облысәкімдігі «Ашық есік күндері»кең көлемді акциясын өткізеді.

11-13 ақпан күндері аралығында Ақтөбе қаласында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жүргізіледі. Осыған орай өзіңізді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап ала аласыз.
Қабылдауды Ақтөбе қаласы әкімдігінің, облыстық басқармалар мен құқық қорғау органдарының, коммуналдық мекемелердің («Трансэнерго» АҚ, «Энергосистема» ЖШС, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «Ақбұлақ» АҚ) басшылары мен мамандары төмендегідей мекенжайлар бойынша жүргізеді:
1).Сәңкібай батыр даңғылы, 249, «Халықтық кеңсе»;
2).Т.Ахтанов көшесі, 52, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры;
3).Сәңкібай батыр даңғылы, 145 «б», Астана ауданының әкімдігі ғимараты;
4).Қарғалы тұрғынжайы, Октябрьдің 60 жылдығы көшесі, 70 «б», Алматы ауданының әкімдігі.

Қабылдау уақыты сағат 10.00-18.00 аралығында.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button