Басты жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасы — тұрақты бақылауда

Сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласын жұмыс сапарымен аралап, «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.   

«Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында төрт 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді. 855 пәтер таза әрлеу күйінде 3-класты жайлылықпен ұсынылады. Бір шаршы метрдің құны 120 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейінгі аралықта болады. «Нұрлы жер» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары бойынша биік ғимаратты тұрғын үйді іске қосу жұмысымен екінші деңгейлі сегіз банк айналысады.

Облыс басшысы құрылыс компанияларының басшыларымен және екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен кездесіп, оларға мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын белсенді іске асыруды тапсырды.

Ақтөбе облысында азаматтардың жекелеген санаттары үшін облыста «7-20-25» бағдарламасының бастапқы жарнасы екі есеге азайғанын атап өту керек. Аймақ әкімдігі жергілікті бюджеттен жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған бастапқы жарнаның 10%-ын субсидиялау туралы шешім қабылдады.

Содан кейін аймақ басшысы «Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолы» автожолының қайта құру барысымен танысты. Жобаның құны — 7,5 млрд теңге. Автожолдың ұзындығы — 13,8 км. Қазірге дейін аралық және жағалау тіректерін орналастыру жұмыстары аяқталды.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жоғары сапалы құрылыс жұмыстарын қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.

Жалпы, жаңа магистраль облыс орталығының айналасындағы транзиттік көлік құралдарының жүруін қамтамасыз етуге және республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» жолынан Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолы бойынша халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізіне шығуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, облыс әкімі №6 қалалық емхананың сандық технологияны енгізу жұмысымен танысты. Бұл жерде «Даму мед» инновациялық қызметі қағаз құжат айналысын тоқтату және медициналық қызметкерлер мен пациенттердің уақытын үнемдеуге арналған мобильдік қосымшасының жұмысы таныстырылды. Оның көмегімен үйде дәрігерге қоңырау шалуға болады, мамандарды қабылдау кестесін білуге болады. Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Медициналық мекемеде кезекті электронды басқару жүйесі жұмыс істейді. Жаңашыл инновациялар пациенттердің күту уақытын 50-60 минуттан 15-20 минутқа дейін қысқартты. №6 қалалық емханада 34 мың адамға, оның ішінде 7 мың бала, 1 мың жасөспірімге қызмет көрсетіледі.

Аймақ басшысы сандық технологияны енгізу арқылы қаланың барлық емханаларының жұмысын оңтайландыруды тапсырды.

«Қағазсыз медицина жасау қажет және дәрігерлерге ұзақ кезек болмауы керек, пациенттердің күту уақытын мүмкіндігінше қысқарту қажет. Бірақ тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасына да назар аударуды ұмытпаңыздар», — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button