Жаңалықтар

Белсенді даярлық дамытылады

Әскер

Әскери қызметшілердің ептілігі мен функционалдық даярлығын арттыру мақсатында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде спортпен бұрынғыдан да белсендірек айналысуға маңыз беріліп отыр.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасыныңбаспасөз қызметінің өкілі, капитан Рустем Игісіновтің айтуынша, 41433-әскери бөлімі қызметшілері өзінің әскери қызметінде қажет болуы мүмкін спорт түрлерімен белсене айналысуды бастап кетті. Осы мақсатта әскери бөлімде әскери қоян-қолтық күрестен бөлім командирінің Кубогіне арналған сайыс өткізіліп, нұсқаушы болып тағайындалған мықты спортшылар іріктелініп алынған.

— Іріктелген үздік спортшы жауынгерлер дене даярлығы сағаттарында барлық санаттағы әскери қызметшілермен, рота командирінен бастап қатардағы сарбаздарға дейін жекпе-жек түрлерімен айналысатын болады. Бұл бастама спорт секцияларындағы сабақтарға сәйкес жүргізіледі, — дейді әскери бөлімнің спорт және дене даярлығы қызметінің бастығы капитан Ернат Ахтаев.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, әскерде жекпе-жек түрлерімен айналысу әскери қызметшілердің психологиялық даярлығына, өзіне деген сенімділікті арттыруға септігін тигізеді, ал қоян-қолтық күрес әскери қақтығыс кездерінде қарсыласын оқшаулаға қажет машықтарды дамытады.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button