Жаңалықтар

Оксана Сопрун — сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Оксана Сопрун тағайындалды.

Оксана Анатольевна Сопрун 1976 жылы туған.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «қаржы және несие» және «құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақкөліктехмонтаж» АҚ-ның Ақтөбе филиалында өндірістік-техника бөлімінің технигі болып бастайды.

Ол мемлекеттік қызметке 2005 жылы «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ құрылыс сапасын бақылау бөлімінің жетекші маманы болып келген. Осы уақытқа дейін аталған мекемеде бас маман және бөлім басшысы қызметтерін атқарды, 2017 жылғы желтоқсан айында басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button