Жаңалықтар

Әскерге шақыру жайы қаралды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында облыста 2018 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың қорытындысы шығарылды.

Жиынға облыстық қорғаныс департаментінің басшысы Сейіткерім Арапбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пен бейне байланыс тәртібінде аудандардың әкімдері қатысты.

Шара кезінде әскерге шақыру деңгейі қозғалып, облыстағы әскерге шақыру бекеттері мен медициналық комиссиялардың жұмысы жағдайы сарапталды.

Сондай-ақ, келесі жылға арналған тапсырмалар да белгіленді. Атап айтқанда, облыс әкімі алдағы көктемгі шақыртуға жасөспірімдердің толық келуінің қамтамасыз етілуіне, әскерлерді даярлау сапасы мен әскери  қызметкерлерді үйрету мәселелеріне, сонымен қатар, әскерге шақыру бекеттерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға назар аударды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button