Жаңалықтар

Дамудың дара жолының бастауы

Жаһандық даму көшінде әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерісінің жеделдеуі, кезең күттірмейтін жаңа проблемаларды алға тартып отыр. Тұрақсыз толқу ескексіз қайықтай жағаға лақтырып тастамас үшін оған төтеп беретін қауқарымыз болуы керек. Ол — дамудың жаңа талаптарына бейімделген қазақтандықтардың пәрменді әл-ауқаты.

Президентіміздің халыққа арнаған Жолдауының әр сөзін қалт жібермей зерделей отырып, санамда сіңіріп, көкірегіме ұйытып бақтым.

Әсіресе, «Халық табысының өсуі» атты бірінші басымдығындағы  ең төменгі жалақының 1,5 есеге көбеюі және оның барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың барлығын қамтитындығы, сондай-ақ ең төменгі жалақының күнкөріс шегіне байланысты болмайтындығы әрбір қазақстандықтың табысының өсуінің кепілі болып табылмақ.

Осы басымдықтың төртінші бағытында Елбасы халық күнделікті тұтынатын тауарларды ішкі нарықта өндіру тұрғысынан «қарапайым заттар экономикасы» ұғымын алға тартты. Шындығында, тұрмысымызға қажетті қарапайым заттардың, үстімізге киетін жеңіл киімдерге дейін шетел нарығынан келуі экономикалық саясатымыздың сыздауығы болуы қажет.

Елбасы Жолдауының басым тұсы ел-халықтың тұрмыс сапасын арттыруға арналды. «Педагог мәртебесі туралы» заңды енгізу ұстаздардың кәсіби мерекесінде сый іспеттес қабылданды. Бұл — енді мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері жосықсыз жүктемелерден босатылып, ұрпақ тәрбиесіне алаңсыз көңіл бөледі деген сөз.

Ал Жолдаудың «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» басымдығында өңір басшыларына жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесі тұрмысын жаңа ғана бастаған, жинаққоры жоқ жастарға, жас мамандарға қолдау болатыны сөзсіз.

Елбасы өзі атап көрсеткендей, елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістердің мәнін әрбір қазақстандық жете түсінуі керек және қоғамымызды ортақ мақсатқа жұмылдыра білуіміз қажет.

 Еркін ЖИЕНАЛИН,

«Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы

 төрағасының бірінші орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button