Жаңалықтар

Ертеңі зор ерекше серпін

Ибрагим СӘРСЕНБАЕВ,

«Наурыз-СИМ» ЖШС директоры:

— Елбасының жыл сайынғы Жолдауы — Қазақстанды дамытуға арналған қадамның қорғаушы күші. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында халықтың тұрмысын жақсарту, табыстың өсімін арттыру туралы жаңа міндеттерді санамалап айтып берді.

Елбасымыз «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керектігін, аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажеттігін атап өтті. Меніңше, бұл шешім — еліміздегі кәсіпкерлерге үлкен қолдау, зор мүмкіндік.

Өз сөзінде Президентіміз осы бағдарламаның нәтижесінде елімізде үш жылдың ішінде қосымша 22 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 224 миллиард теңге салық түсіп, 3 триллион теңгенің өнімі өндірілетінін жеткізді. Демек, бұл бағдарламаның біз секілді кәсіпкерлерге берері мол.

Сондай-ақ Елбасымыз биылғы Жолдауында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыру, «қолма-қол ақшасыз экономикаға» бет бұру, сондай-ақ шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырды. Бұл еліміздегі кәсіпкерлік саланың қарыштап дамуына, осы салада жүрген азаматтардың қарқынды жұмыс жасауына, сол арқылы ел экономикасының өсуіне ерекше серпін береді.

 Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button