Жаңалықтар

Экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстар күшейтіледі

Марина ЦЫГАНКОВА,

«Элит Агро» қоғамдық қорының төрайымы:

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында барлық қазақстандықтарды толғандырып жүрген көптеген мәселелер қозғалды. Мысалы, мені экологиялық мәселелер қатты ойландырады. Елбасы өз Жолдауында экологиялық ахуалды жақсартуға барынша көңіл бөлу керектігін атап өтті. Осы орайда зиянды заттардың таралуы, топырақтың, жердің, ауаның жағдайы, қалдықтарды жою, сондай-ақ онлайн түрінде еркін қолжетімді экологиялық мониторинг жүргізу жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.

Экологиялық ахуалды жақсартуға қатысты қадамдарға үлкен көңіл бөлінуі қуантады. Өйткені ауаның, топырақтың, яғни қоршаған ортаның тазалығы жайлы өмірдің басты шарттарының бірі екені түсінікті.

Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру туралы сөз қозғағанда, Елбасы тұрғын үйдің қолжетімділігі, қауіпсіздік, инфрақұрылым мәселелерімен бірге, ауланың әдемілігін де тілге тиек етті. Біздің аулаларымыздың, көшелеріміздің әдемілігі көз қуантып қана қоймай, сырттан келген қонақтарға да жақсы әсер қалдырады. Яғни, бұл — болашақтағы туризм саласын өркендету жоспарына да қажетті іс. Сондықтан бұл пікірді мен қатты қуаттаймын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button