Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашады

Естай ТАҢСЫҚБАЕВ,

 Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы:

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жолдауын зор ықыласпен тыңдадым.

Ел Президенті биылғы Жолдауында азаматтардың тұрмыстық әлеуметтік деңгейлерін көтеру мәселелеріне көп көңіл бөліп отыр. Бұл мақсатта келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы көлемін 1,5 есеге ұлғайтуды тапсырды. Сонымен бірге бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы да 35 пайызға өскелі отыр.

Нарықтық экономиканың негізі кәсіпкерлік саласы екені белгілі. Бүгінде мемлекет тарапынан жеке кәсібін ашуға ниетті жандар үшін көптеген мүмкіндік қарастырылғаны қуантады. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылды. Бұл да кәсіпкерлер үшін бизнесті одан әрі дамытуға мүмкіндік берері сөзсіз.

Елбасы өз Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті заңсыз әкімшілік қысымнан салық амнистиясын жасау арқылы қорғауды тапсырды. Іс-шара 2019 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Сондай-ақ салықтық заңбұзушылық бойынша қылмыстық жауапкершілікті қолдану шегін айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырды. Және де Үкіметке 3 жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 пайызға қысқарту үшін шаралар қабылдауды міндеттеді. Президент тапсырмалары халықтың әл-ауқатын жақсартуда ықпалы зор.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button