Жаңалықтар

Күткен заң қабылданбақшы

Ж.АТАМҰРАТОВА,

Қобда гимназиясының директоры,

аудандық мәслихаттың депутаты.

Биылғы Жолдау қоғамның барлық саласына серпін беретін маңызды құжат болып отыр. Елбасының дәстүрлі Жолдауында әлеуметтік саланың әлеуетін жоғарылату үшін көптеген ұсыныстар мен жобалар, тапсырмалар берілді.

Жолдауда «Мұғалім мәртебесі» туралы заң қабылдау қажеттігі айтылды. Бұл —

ұстаздар қауымы көптен күткен қуаныш. Қоғамда әртүрлі себептерге байланысты ұстаз мәртебесінің төмендеп кеткені белгілі, сондықтан Елбасының бұл шешімі дер кезінде қабылданған шешім болды.

Ел болашағы жастардың қолында екенін баса айтқан Елбасы келесі жылды Жастар жылы деп жариялады. Осы тұрғыда жастар саясатына қатысты тың серпіліс болады деп сенемін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button