Жаңалықтар

Білікті кадрлар даярланады

Арман ҚАБЫЛОВ:

— Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы қазіргі таңдағы өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын қарастырған, елдігімізді асқақтатуды қамтыған саяси маңызды құжат болды.

Білім, ғылым, денсаулық, салық, құқық қорғау, сот жүйелерін жетілдіру, экспорттық әлеуетті арттыру, бизнеске қолайлы, қауіпсіз орта қалыптастыру, отандық өнімнің өрісін кеңейту, бұқаралық спортты дамыту, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты арттыру, жалпы айтқанда, жан-жақты қамтылған, халықтың бүгінгісі мен ертеңгісін саралап, болашақтағы міндеттерді айқындаған бұл құжат ұлттық идеологиямызды дамытудың өзегіне айналады деп есептеймін.

Өз жолдауында Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, бүгінгі ұрпаққа «Біздің балаларымыз — ертеңгі әлемнің балалары» деп ерекше сенім артып отыр.

Ұлт көшбасшысы межелеген мақсаттар мен ұлы мұраттарға жету жолында әрбір адам өз әлеуетін толық іске асыра білсе, еңбек нарығы білікті кадрлармен толығып, Елбасы қойып отырған міндеттердің көкжиегі жақындай түсетініне сенімдімін.

Қобда ауданы.

ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖОЛ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы қоғамның барлық саласын қамтыған, қазақстандықтардың жақсы өмір сүруіне негізделген Жолдау болды.

Президентіміз қазіргі уақыттағы нақты мәселелерді мысалмен келтіре отырып, олардың шешілу жолдарын белгілейді. Жолдаудағы Елбасымыздың бүгінгі әлеуетіміз бен мүмкіндіктерімізді бұдан да жақсарта түсу туралы өзекті ойлары мен бағыт-бағдары көпшіліктің көңілінен шықты ғой деп есептеймін.

Экспорттық әлеуетіміздің ауқымын кеңейту, отандық өнімдеріміздің санын, сапасын арттыру, азық-түлік өнеркәсібін дамыту, өңірлерде ауылшаруашылық кластерлерін жүйелі жолға қою міндеттері жүктеліп, жалпы айтқанда қарапайым қарашаның жағдайын жақсарту мақсаты міндеттелді. Осы тұрғыда Елбасының көрегенділігіне кезекті рет көз жеткіздік.

Ендеше, Жолдаудағы тапсырмаларды орындау, «Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдыру» жолында бірлікті ту етіп еңбек ету — біздің басты міндетіміз.

Жанболат НҰРПЕЙІСОВ,

«Жайлау» шаруа қожалығының басшысы.

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button