Жаңалықтар

Мол мүмкіндік, тиімді бағдарлама

Жолдау

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауында халық табысының өсуіне айрықша тоқталды. Көреген Көшбасшымыз кезекті Жолдауында алдымен Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Сондай-ақ бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керектігін нақты атап өтті. Себебі елімізде бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі осы салада табыспен қамтамасыз етіледі. Ол үшін бірінші кезекте 2010 жылы іске қосылған «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керектігі айтылды. Өйткені өңірлерге жұмыс сапары барысында айтулы бағдарламаның тиімділігіне көз жеткізген Президентіміз кәсіп ашуға ниетті азаматтарға мол мүмкіндік беріп отыр. Өйткені осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажеттігін айтты. Жеке кәсіпкер ретінде мен Елбасының бұл тапсырмасын ерекше жылылықпен қабылдадым. Біз сияқты кәсіпкерлерге, әсіресе ауыл азаматтарына бұл — үлкен мүмкіндік. Сонымен бірге Елбасының кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолдау білдіріп, бизнесте «салық амнистиясын» жүргізуді тапсыруы — өте құптарлық дүние. Сондықтан мен барша жерлестерімді Елбасымыз беріп отырған мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырамын.

Абыл Сатай,

«Тәжібай Агро» ЖШС директоры.

Ойыл ауданы.

САН МЕН САПА

Қасымхан ӘБЕНОВ,

Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы:

Елбасының Жолдауда  мұғалім мәртебесі туралы айтқаны көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап бергендей болды. Себебі жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуы педагогтерге тікелей байланысты. Әрине, елімізде педагогтердің мәртебесін арттыру үшін мемлекет тарапынан жұмыс жүріп жатыр. Елбасы жыл сайынғы Жолдауында осы мәселені айналып өтпейді. Дегенмен заңды тұрғыдан бір шара қолға алынуы керек сияқты болатын.

Ал бүгін соны Елбасымыздың өзі айтты. Егер құжат қабылданса, мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің жұмысы жеңілдер еді. Жүктеме азайып, жөнсіз тексерулер тоқтайды. Мұғалімнің мәртебесі биіктейді. Мұғалім тек  балаға білім мен тәрбие беруі керек. Ол басқа шаруадан босатылуы тиіс. Сонда ғана ұстаздың қоғамдағы беделі артады. Ал қазір шыны керек, қандай шаруа болмасын барлығына мұғалімдер қатысады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы білім сапасын бағлау жүйесін халықаралық стандарттарға негіздеу керектігін, сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби диагностика жасау қажеттігін айтты. Бұл да қазіргі проблеманың бірі. Егер кәсіби диагностика жүргізілсе, маман тапшылығы болмайды. Сан емес сапаға мән беріледі. Жолдауда  Елбасы осы мәселелерді анық түсіндіріп берді. Енді жұмыс істеу ғана қалды.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button