Жаңалықтар

Ауылдың ертеңі ескерілген

Елбасының халыққа арнайтын әр Жолдауын асыға күтеміз. Бұл жолы да 5 қазан күні тікелей эфирден ерекше ықылас қойып, көріп, тыңдадық. Жолдаудың тақырыбының өзі-ақ Президенттің қай мәселеге басымдық бергенін аңғартып тұр. Яғни қазақстандықтардың әл-ауқатын өсіру міндеті қойылып отыр. Ал елдің табысы мен тұрмыс сапасын арттыру үшін, Президентіміздің талай айтып жүргеніндей, шағын және орта бизнес қарыштап дамуға тиіс. Әсіресе, халық үшін тікелей азық-түлік өндіретін ауыл шаруашылығы саласындағы осы құрылымдардың алатын орны бөлек. Бірсыпыра жыл ауыл әкімі болып қызмет істегендіктен, бұл саладағы бизнестің жайын білемін. Қазір ауылда өзім де кәсіпкерлікпен шұғылданамын. Сондықтан да мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауында айтылған «Ауыл — Ел бесігі» жобасының іске қосылуын үлкен қуанышпен қабылдадым.

Сол сияқты Жолдаудағы: «Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарына бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырамын» деген жолдар шағын және орта бизнес иелеріне көрсетілген үлкен қамқорлық деп бағалауымыз керек.

 Құсайын ШАЛМАНОВ,

Саркөл ауылының тұрғыны, еңбек ардагері, кәсіпкер.

Темір ауданы.

ЭКОНОМИКАМЫЗДЫ ӨРКЕНДЕТЕТІН  ҚОЛДАУ

Нина РОЛЕНКО,

аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

Елбасының кезекті Жолдауын мен де ден қойып, мұқият тыңдағандардың бірімін. Осы орайда Мемлекет басшысының, әсіресе, кәсіпкерлердің жағдайын жақсартуға бағытталған мақсат-міндеттері ерекше көңілімнен шықты.
Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз 2010 жылдың өзінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске қостық. Өңірлерге жұмыс сапарым барысында мұның тиімділігіне көз жеткіздім. Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажет. Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді», — деді. Шынында, бұның тиімді бағдарлама екенін уақыттың өзі дәлеледі. Оның оңды тұстарын аудандағы кәсіпкерлер де көріп жатыр. Сондықтан жобаның ғұмыры ұзақ болғанын біз  тек қолдаймыз. Және бұның шарапаты мол болатынына сеніміміз кәміл.

Сонымен қатар Елбасы бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсыратынын атап өтті. Бұл — іскер азаматтарға үлкен қолдау.

Меніңше, жыл өткен сайын қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау жайы күшейіп келе жатыр. Осының бәрі экономикамызды өркендетері хақ.
Мәртөк ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button