Жаңалықтар

Жастарға жанашыр көзқарас

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы әрдайым  біздерге, яғни жастарға ерекше сенім арта оты­рып, жастардың жағдайын жа­сауға баса назар аударады. Президенттің жыл сайынғы Жол­дауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты болуы, кез келген мемлекеттік ма­ңызы бар стратегиялар мен ма­қа­лаларында, сөздерінде әр кез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі — соның айқын дәлелі.

Кезекті Жолдауында да келер жылды «Жастар жылы» деп белгілеу — Елбасының жастарға деген қамқорлығының кезекті көрінісі.

Биыл мен Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің бірлескен «Zhas Project»  жастар жобасы аясында 1 миллион теңге қайтарымсыз грантты ұтып алып, Қандыағаш қаласында  «Фокус» жас фотографтар курсын аштым.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Елбасы бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керектігін айтты. Әрине, мемлекеттің осындай қолдауы мен секілді жаңадан бизнес бастаушыларға тың серпін беріп, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндікті кеңейте түспек.

Алдағы уақытта қолға алған кәсібімді одан әрі жандандырып, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне атсалысамын деген ниеттемін.

Райхан КЕНЖЕБАЙ,

жас кәсіпкер.

Мұғалжар ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button