Жаңалықтар

Кемалбаевтар отбасы жеңімпаз атанды

Өткен жексенбі күні ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта мәдениет және өнер мекемелеріндегі қызметкерлер арасында «Менің отбасым — менің байлығым» отбасылық байқауы өтті. Отбасы күніне орайластырылған шараға 6 әулет қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқаудың мақсаты — отбасы құндылықтарын насихаттау, сала мамандары арасындағы достық қарым-қатынасты одан сайын нығайту. Облыстық халық шығармашылығы орталығының мұрындық болуымен қолға алынған байқаудың жыл сайын, дәстүрлі түрде өтетінін айта кету керек.

Қатысушылар 4 кезең, атап айтқанда, «Отбасын таныстыру», «Отбасымыздың дәстүрі», «Әкем, анам және мен» (спорттық ойындар), «Отбасымның шашуы» бойынша өнерін ортаға салды.

Ашық аспан астында өткен байқаудың қорытындысы бойынша I орынды

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының атынан қатысқан Кеңес Кемалбаевтың отбасы жеңіп алды. Ал жүлделі II және III орындарды Оралбай Каметия (Облыстық халық шығармашылығы орталығы), Талғат Тілеулесовтердің (С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы) әулеттері иеленді. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button