Жаңалықтар

Әскерилер алға ауданында жаттықты

Сәрсенбі күні Алға ауданындағы оқу-жаттығу полигонында әскерилердің кезекті оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Үш күнге созылған дәстүрлі шараға жүзге тарта сала маманы қатысты.

Жыл сайын өтетін оқу-жаттығу жұмысының мақсаты — әскерде болған, запастан шақыртылған жеке құрамның қару және әскери техниканы басқару дағдысын қалпына келтіру, оларды әскери өмірдің жаңашылдығы һәм өзгерістерімен кеңінен таныстыру. Сондай-ақ командалық құрамның тактикалық, жалпы дайындық жұмыстарын жүргізу.

Жыл сайын өтетін әскери оқу-жаттығу жұмыстарына бұл жолы да облыстың түкпір-түкпірінен жігіттер келіп, қатысып жатыр. Бірінші күні әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер, сержанттар және қатардағы жауынгерлерді қабылдап, олардың техниканы игеру қабілетін тексердік.  Ал келесі күні тактикалық және әскери дайындық, әскери топография, жалпы әскери жарғы, физикалық дайындыққа қатысты оқу-жаттығу өтті. Соңғы күнде атысқа дайындық жайы пысықталды. «Есет батыр» оқу-жаттығу полигонында ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары да мықтап түсіндірілді, — деді облыс әкімі аппараты жанынан құрылған аумақтық қорғаныс бригадасының басқару қызметі басшысының орынбасары Оразғали Шармағанбетов.

Сондай-ақ, қатысушылар әскери жарғы бойынша сұрақтарға жауап беріп, теориялық білімін жетілдіре түскен. Саптық жүріс, оқ-дәрілерді қолдану реті, өрт қауіпсіздігі, суда құтқару, жекпе-жек, басқа да қажетті деген айла-тәсілдер бойынша шеберлігін шыңдаған ер-азаматтар соңында құзырлы орган өкілдеріне  атқарған тапсырмасы төңірегінде есеп берді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ,

Алға ауданы.   

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button