Жаңалықтар

Электронды еңбек биржасының мүмкіндіктері түсіндірілді

Халықты жұмыспен қамту органдарымен бірлесе жұмыс берушілерге электронды еңбек биржасын қолдану мүмкіндіктері түсіндірілді. Кездесуге 50-ге тарта кәсіпорынның басшылығы, облыстық еңбек испекциясының, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Ақтөбе қаласына қарасты Астана ауданы әкімшілігі ғимаратында өткен шарада электронды еңбек биржасы — бос жұмыс орындары мен азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жасалған сандық алаң екені айтылды. Электрондық еңбек биржасы еnbek.kz интернет-ресурсы негізінде жұмыс істейді.

— Ол үшін әрбір мекемеде электронды цифрлық қолтаңба болса, бос жұмыс орындарын жариялап, азаматтарды жұмысқа орналастыру шараларын орындаса жеткілікті. Бүгінгі таңда ол жерде 1138 бос жұмыс орны және 1800 түйіндеме жарияланған. Аталған портал арқылы 412 адам жұмысқа орналасты, — дейді Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлшат Қаңтарбаева.

Оның сөзінше, анықтама алу үшін «Халықтық кеңсе» орталығына немесе жұмыспен қамту орталығына жолығуға болады. Байланыс телефоны: 21-44-74, 41-73-32.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button