Жаңалықтар

Димаштың шайы

Əлемге əйгілі əнші Димаш Құдайбергеннің есімімен шай шыға бастады. Енді сөрелерден сыртында «DIMASH TEA» деген жазуы бар, əншінің суреті бар шай көрсеңіз, таңғалмаңыз.
Жаңа брендті Димаш «Dida Capital Partners» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырды. Димаш шайының таныстырылымы Алматы қаласында салтанатты түрде атап өтілді.

«Біздің кішігірім өніміміз сіздердің көңілдеріңізден шығады деген ойдамын», — деді Димаш салтанатты шара кезінде. Əлеуметтік желілерде Димаштың, ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтардың өнердегі достары мен жақындары жаңа өнімнің таныстырылымы сәтінде түскен суреттерін жарыса жариялап жатыр. Димаштың қуанышын əншінің ата-анасымен бірге бөліскендердің арасында елімізге белгілі өнер майталмандары Ұлықпан Жолдасов, Данэлия Тулешова, Жанар Айжанова, Құралай-Мирас Бекжановтар, Айгүл Иманбаева сынды өнер жұлдыздары бар. Алматыда өткен таныстырылым кешіне әншінің өзі де арнайы барған.
Қанат Айтбаевтың айтуынша, шайдың дәмді болып шығуы үшін мамандар алты айдан астам уақыт бойы жұмыс істеген.

М.САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button