«Бақытты бала»

Балалық – бақыт мекені

Хромтау ауданы Тамды ауылы «Шаңырақ» бөбекжай-балабақшасында «Бақытты бала»жобасы аясында«Балалық – бақыт мекені» атты апталық өткізілді. Бір апта бойы ата-аналармен бірге отбасылық спорттық, танымдық, шығармашылық сайыстар, психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Отбасы мен балабақша арасында тығыз қарым-қатынас мақсатында өткізілген шара барысында «Біздің жанұя», «Толағай», «Менің балам», «Бала – бақыт бастауы, отбасы – алтын діңгегі», «Өнерпаз бүлдіршін» сынды отбасылық жарыстар, танымдық сайыстар мен шығармашылық байқаулар өткізілді.

13-сәуір күні апталық қорытындыланып, балабақша әкімшілігі демеушілердің қолдауымен балабақшаның барлық тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті.

Бала тәрбиесінде отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы зор. Сондықтан «Бақытты бала» жобасына орай өткізген іс-шараларымыздың барлығында ата-аналарды белсене қатысуға шақырдық. «Бақытты бала» жобасы аясында өткізілетін шаралар әлі де жалғасын табатын болады.

Дана АМАНЖОЛ,

«Шаңырақ» бөбекжай-балабақшасы меңгерушісі міндетін атқарушы.

Хромтау ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button