«Бақытты бала»

«Бақытты бала» жобасы аясында Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова ән салады

Ақтөбеде 1-3 маусым аралығында алғаш рет «Бақыты бала  – 2018» ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы өтеді. 

Бұл жоба аясында ұйымдастырылатын іс-шараның жүзеге асу барысы облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен өткен жиында қарастырылды.

Вокалды фестиваль-конкурсқа 10-15 жас аралығындағы балалар қатысады. Қазіргі уақытта ұйымдастыру комитеті қатысуға өтінімдер қабылдауда. Қатысушылардың географиясы шектеулі емес. Байқау конкурсанты боламын деген тілектер Грекия, Ресей, Украина, Татарстан, Қытай және Қазақстанның  вокалистері тарапынан түсті.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова қашықтан іріктеу туры компьютерлік өңдеусіз және жанды дауыста орындау арқылы  baqyttybala@gmail.com электрондық поштасына жолданған аудио және бейнені тыңдау арқылы орындалады деп түсіндірді. Өтінімдерді қабылдау 15 мамырда аяқталады.

Конкурстың екінші кезеңі 1 маусымнан басталады. Іріктеуден өткен қатысушылар жартылай финалда жеңіске жету құқығын дәлелдеу үшін Ақтөбе сахнасына шығады, содан кейін шығармашылық жарыстың финалына кіреді. Байқау  соңында финалға шыққандар еліміздің ең танымал әншілері Димаш Құдайберген, Данэлия Төлешова және Луиза Нұрқуатовалармен бірге бір сахнада өнер көрсетеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button