Жаңалықтар

Ақтөбеліктер Абай жүлдесін алды

Жақында Алматы қаласында Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Абай атындағы сыйлықтың жүлдесі үшін» атты республикалық конкурс өтті. Бұл конкурсқа он бір облыстан педагогикалық мамандықтар даярлайтын оқу орындарының студенттері қатысты.

Республика көлемінде жыл сайын ұйымдастырылатын конкурс биыл ақтөбелік студенттерге жеңіс әкелді.

— Конкурс екі бөлімнен тұрды. Алғашқы турда студенттер тест жұмыстарын тапсырып, білімдерін сарапқа салды. Ал екінші шығармашылық турда студенттердің алдын ала дайындалған ғылыми жобалары қорғалды. Біздің студенттеріміз бұл сындардан сүрінбей өтті, — дейді Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының математика және  математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, ҚР білім беру ісінің үздігі Ақалма Жабасқызы.

— «Абай атындағы сыйлықтың жүлдесі» үшін педагогикалық мамандықтар бойынша алдыңғы қатарлы студенттер арасында жыл сайын өтетін республикалық конкурсқа он бір облыстан  24 команда қатысты. Біздің педагогикалық институттың физика, математика, информатика мамандықтары бойынша дәріс алатын студенттері бұл конкурста жүлделі орындарға ие болды. Біз ұстаздарымыздың үкілеген үміттерін ақтадық, — дейді информатика мамандығының 3-курс студенті Мирамкүл Мұқанова.

Айгүл ЖҰБАНЫШ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button