«Ақтөбе — құтты мекен»Жаңалықтар

Жақсы бастаманың жалғасы

Серік АҚШОЛАҚОВ,

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанның Еңбек Ері:

— Еліміздің Тәуелсіздігінің бастауында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев шетелдерде тұратын барша отандастарымызды ел астанасына шақырып, жас мемлекетке қолдау көрсетуді өтінген-ді. Жерлестердің «Туған жер» республикалық форумы сол ауқымды шаралардың облыстық деңгейдегі жалғасы деп атауға болады.

Ақтөбеде бір кездерде тұрған, жұмыс істеген, білім алған, осы жерде алғашқы тәжірибесін жинақтаған жерлестеріміздің алыстан кіші отанына зор қуанышпен келетіні анық. Ал мен болсам, Ақтөбеде жиі болып жүрмін. Мәселен, өткен жылы ғана Халықаралық медициналық форумның жұмысына қатыстым. Ақтөбеде соңғы екі жылда денсаулық саласында аса көп жұмыстар атқарылды. Елімізде дамудың мұндай қарқынымен мақтана алатын облыстар санаулы ғана. Менің ойымша, бұл өңірдің медицинасы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей қатысуымен қосымша серпіліс алды. Өйткені әлеуметтік бағыттарға басшылық жасаған еліміздің бұрынғы Премьер-Министрінің орынбасары азаматтардың денсаулығына инвестиция салудың маңыздылығын жақсы түсінеді.

Ақтөбе облысында қазіргі кезде медициналық кластер жұмыстары үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасалған. Бұл орайда жақын күндерде өзінің 60 жылдығын атап өтетін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті жоғары білікті кадрлар даярлаудың нағыз ұстаханасына айналып отыр. Университет түлектері еліміздің әр аймағында, тіпті шетелдерде де табысты жұмыс істеуде. Облыс басшылығының қолдауы жедел медициналық жәрдемнің оңалту институтының  оң дамуына игі әсерін тигізуде. Бұл жерде нейрохирургия, кардиохирургия, трансплантология секілді бағыттарда  күрделі оталар жасала бастады.

«Туған жер» форумына жиналған кезде біз жерлестерімізбен кездесіп, әрқайсысымыз өз саламыз бойынша маңызды мәселелерді талқылап, тек білімімізбен, білігімізбен бөлісіп қомай, жаңа тәжірибелерімізді  де молайтамыз. Ақтөбеде мен туып-өстім, білім алдым, Ақтөбе мединститутын бітірдім, облыстық ауруханада жұмыс істедім. Сондықтан да туған өлкемнің денсаулық сақтау саласына өз үлесімді қосқаныма әр кез қуаныштымын.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button