Жаңалықтар

Салықтық және кедендік саясат үйлесімділігі

Брифинг

«Ақтөбе ақпарат» орталығында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  басқарма басшылары Гүлмира Арыспаева, Оразғали Дәрібаев, Айбек Тұрышевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің осы жылдың сегіз айындағы атқарған жұмыстарының қорытындылары және алдағы жоспарлары туралы әңгіме болды.

Сонымен бірге, салықтық және кедендік әкімшілендіру, экономикалық тергеу қызметтері, жаңа жоба жүйесінде бірқатар жеңілдіктер алған және бизнеске оңайлатылған салықтық және кедендік кодекстер тұжырымдамасынан хабардар етті. Осы уақытта сапалы экономикалық өрлеу мен инвестициялық тартымдылық мақсатында салықтық және кедендік саясат үйлестірілген.

Департаменттің басқарма басшыларының атап көрсеткеніндей, сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара есеп айырысуды оңтайландыруға «Электрондық счет фактура» ақпараттық  жүйесі енгізілген. Салықтық тексерістер саны азайған. Үстіміздегі жылдың басынан бастап жеке кәсіпкерлерді тіркеу арыз тәртібінен хабарландыру тәртібіне ауыстырылды. Бизнеске ыңғайлылық  және салық төлеушілермен байланысты азайту мақсатында мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметі электрондық түрде атқарылуда. Қазір ол жалпы қызмет көрсету санының 92 пайызын құрайды.

Сыртқы экономикалық қызметтің бизнес-қатысушыларына қолайлы болу үшін Ақтөбе қаласында бірыңғай талаптар бойынша мемлекетік бақылаудың барлық түрлерін жүзеге асырумен кедендік рәсімдеу аймағы құрылысы жоспарланды.  Облыстың барлық кедендік орындарында пилоттық режимде кедендік және салықтық Астана-1 автоматтандырылған ақпараттық жүйесі іске қосылды. Соның нәтижесінде тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын құжаттар саны азайтылған.

Департаменттің кедендік қызметін таза жүргізу мақсатында «Постфактум» режимін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл кендендік декларацияланған тауарларды шығаруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшылары экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде қылмыстық іс азайып, сотқа дейінгі іс қысқарған. Мұнымен бірге, жалған ақша қаражаттары белгілерін жасау, қаржылық пирамида және бюджеттен ақша қаражаттарын ұрлау тоқтатылған.

 Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button