ЖаңалықтарӘлемде

Димаш Құдаберген Бейжіңдегі жеке студиясын көрсетті (Видео)

Әлемді мойындатқан әнші Димаш Құдайберген Бейжің қаласындағы жеке студиясын көрсетті.

Әлеуметтік желідегі парақшасына видео түсіріп салған ол: «Пекин. Студияда дайындық үстінде. Бірер сағаттан соң Шанхай қаласына жолға шығамын. Тәтті төсегіне жататындарға қайырлы түн!»-деп жазған.

Бұл студияны I am Singer жобасында тәлімгері болған Лауре Шенг Димаштың туған күніне тарту еткен болатын.

Димаштың өнердегі аға-әпкелері мен желі қолданушылары небір аспап қаздай тізіліп тұрған студияны көріп, таңданыстарын айтып жатыр. Себебі студияда бір ғана гитараның түр-түрі тұр. Мұндай студиялар Қазақстанда жоққа тән.

https://www.instagram.com/p/BXdcH4HlBAg/

 

Reactor.inform.kz

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button